АБДУЛҚАДЫР ИНАН (1899, Башқұртстан, Шығай а. — 1972, Стамбұл) — тілші- ғалым, тарихшы. Троицк қ- нда мұғалімдер ин-тын бітір- ген, Санкт-Петербург пен Мәскеуде оқыды. Башкұртстандағы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысқан. Башқұртстанда Кеңес өкіметі орнаған соң, тарихшы-ғалым Ахмет Зәки Уәлиди Тоғанмен (1890— 1970) бірге 1925 ж. Түркияға қоныс аударды. Стамбұлдағы Түркітану ин-тында жұмыс істеді. Түрік тілін реформалауға қатысты. Түрік тілі қоғамының мүшесі, 1935 жылдан Анкара ун-тінің проф., 1944 жылдан Дін істері министрлігінде, Түрік мәдениетін зерттеу ин-тында қызмет атқарды. Иран, Ауғанстан, Үндістанда болып, ғыл.-зерт. жұмыстарымен шұғылданды. Ресейдің мұғажыр саясаты, Абай Құнанбаев шығармашылығы жөнінде зерттеулерімен танымал. 50-жылдары Түркияға қоныс аударған қазақтарды қарсы алып, оларға қол ұшын берді, қазақ диаспорасының жетекшілерімен достық қарым-катынаста болды.