АБДУЛЛИН Хизмет Абдумуталипұлы (10.10.1925, Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Баяндай а. — 5.3.1986, Алматы) —жазушы. Ұлы Отан со- ғысына қатысқан. 1951 — 80 ж. ұйғыр тілінде шығатын “Иеңи һаят”, “Коммунизм туғи” газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қыз- меттерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болды. А. шығармаларының негізгі өзегін ел қор- ғау, бостандық жолындағы күрес, болашаққа деген сенім, махаббат, адамгершілік мәселелері құрайды. Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арнал- ған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан”, т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан”, т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.