АБДУЛИН Айтмұхамед Абдолаұлы

АБДУЛИН Айтмұхамед Абдолаұлы (29.11.1924 ж. т., Қарағанды обл. Ұлытау ауд.) — ғалым, геол.-минералогия ғыл. докт. (1971), проф. (1973), Қазақстан ЕА-ның акад. (1979), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1982). Ұлы Отан соғысына қатысқан. ҚазМУ-ды бітірген (1953). 1953-64 ж. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында аспирант, лаборант, инженер, кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, ғыл. хатшы, 1964-74 ж. директордың орынбасары. 1974 — 95 ж. директоры әрі 1987 жылдан Қазақстан ҒА Президиумының акад.-хатшысы, 1988 жылдан вице-президент болып қызмет атқарды. 1995 жылдан ҚР ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тының құрметті директоры. Ғыл. зерттеулерінің негізгі бағыттары: жалпы және аймақтық геология, тектоника, металлогения, мұнай және газ геологиясы. А. Орт. Қазақстанда алтын, мыс, турмалин кендерін зерттеумен шұғылданды. Мұғалжар кешенді экспедициясын басқарды. Бірнеше кен орындарын (Самар алтын мыс кені, Құмкөл, Арысқұм, Нұралы мұнай кендері, т.б.) ашты. А- нің тапқан нақты мәліметтері бойынша республиканың тектоник. картасы жасалды. Орал, Тянь-Шань және Орт. Қазақстанның тектоник. құрылым- дарының байланысы жөніндегі теориялық мәселелер жаңа тұрғыдан шешілді, геол. дамуының ерекшеліктері айқындалды. Қазақстанның Мемл. сыйл. (1978), КСРО Мемл. сыйл. (1985) лауреаты. Октябрь революциясы, 1-дәре- желі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Халықа. геол. конгрестің алтын белгісімен, акад. С.И. Вавилов медалімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *