АБДОЛЛА ХАН

АБДОЛЛА ХАН, Абдоллаһ І хан, Абдоллаһ сұлтан Түркістани (16 ғ,) – Бұхар (Мауераннахр) билеушісі (28.3.1541 – тамыз — қыркүйек, 1541). Таққа Үбайдолла хан (1534 — 40) өлген соң отырған. Шайбани әулетінен тараған. Атасы Әбілхайыр хан Дешті Қыпшақта, әкесі Көшкінші хан (1510-30/31), ағасы Әбу Сайид хан (1531 — 33/34), інісі Абд әл-Ләтиф хан (1541 — 51) Мауераннахрда билік құрған. А.х. 16 ғ-дың 10-жылдарында Түркістан қ-ның билеушісі болды. 1517 ж. Түркістанға жорық жасаған қырғыз Мұхаммед әскерімен ұрыста жеңіліп, қолға түсті. Мұхаммед оны босатып жіберді. Ол қазақ сұлтаны Әдіктің Нигар ханымнан туған екі қызының үлкеніне үйленген. Мұхаммед Хайдар Дулатидың айтуынша, бұл әйелі көп ұзамай қайтыс болған. А. х-ның артында ұрпақ қалмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *