АБДОЛЛАНАМЕ

«АБДОЛЛАНАМЕ» — Хафиз Таныш әл-Бүхаридың (16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың басы) тарихи шығармасы. Автордың Бұхара ханы Абдолла хан ІІ-ге арнаған бұл шығармасы “Шәрәф наме-ий шаһи» деп те аталады. Тәжіктің әдеби тілімен (парсыша) ұйқасты қара сөз үлгісінде жазылған. “А-да” автордың өзі куә болған Абдолла ханның Хорезмге, Дешті Қыпшаққа, Хорасанға, Батыс қырғыздарға, Орта Азия мен Иранның бірқатар аймақтарына жасаған әскери жорықтары сипатталады. Орта Азия халықтары мен Қазақстанның этник. құрылымы, соның ішінде қанды, қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр, қоңырат тайпаларының әдет-ғұрпы, шаруашылығы туралы мәлі- меттер бар. Қазақ хандығының 16 ғ-дың 2-жартысындағы сыртқы саясаты, Шығай, Тәуекел, Ақназар хандар туралы деректер, қазақтардың шайбани әулетімен Сыр бойындағы қалалар (Сауран, Созақ, Иасы, т.б.) үшін күресі, оның идеол., саяси мәні көрсетілген. Еңбекте қазақ халқының сыртқы сая- саты мен дипломат. қатынасы жөніндегі құнды деректер келтірілген. Автор Әбу Бәкр Наршаһидың “Тарих-и Бұхара”, Рашид-әд-Диннің «Жами а-тауарих», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди», Мирхондтың «Рәузат ас-сафа», т.б. тарихи еңбектерін пайдаланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *