АБДАЛЛАҺ ибн АБД әр-РАШИД

АБДАЛЛАҺ ибн АБД әр-РАШИД, Абдаллаһ ибн Лутфаллаһ ибн Абд әр-Рашид (лақап аты: Хафиз-и-Абру) (т.ж.б. — 1430, кейбір деректерде — 1451) — тарихшы. Гератта дүниеге келген, Хамаданда білім алған. Шаһруһ пен Ұлықбек сарайында жүріп, Мауераннахр, Иран мен оған көршілес елдердің тарихы, географиясы жайында бірқатар еңбектер жазған. 4 томнан тұратын “Зубдәт ат-тауарих” (“Тарихтар қаймағы”) және Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари, Рашид әд-Дин, Низам әд-Дин Шами еңбектеріне сүйеніп жазылған “Мәджмуйе”(“Жинақ”) аталатын тарихи шығар- маларында алғашқы Темір әулеті билеушілері, қыпшақтардың саяси тарихы, орналасуы жөнінде құнды мәліметтер берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *