АББАСОВ Әбдікәрім (1920, Қырғызстан, Қаракөл қ. — 27.8.1949) — қоғам қайраткері, Үш аймақ төңкерісі басшыларының бірі. Ұлты — ұйғыр. Әке-шешесі 1927 ж. Шыңжаңға қоныс аударады. 1938 ж. 111 ыңжаң ин-тында оқып жүрген кезінде А. Сауандағы лагерьге айдалды (1941). 1942 ж. Құлжадағы қыздар орта мектебінде мұғалім, аймақтық әкімшілікте аудармашы болып жұмыс істеді. 1944 ж. Құлжадағы Үш аймақ көтерілісіне қатысты. Үш аймақ Уақытша үкіметінің мүшесі, Ішкі істер және үгіт-насихат министрі, 1945 ж. сәуірде Үш аймақ ұлттық армиясының саяси комиссары, 1946 ж. Шыңжаң аймағындағы бірлескен үкіметтің мүшесі, бас хатшысының орынбасары болды. Сол жылы желтоқсанда Нанкиндегі жалпыхалықтық құрылтайға қатысты. 1948 ж. Шыңжаң Бейбітшілікті қорғау демокр. одағының мүшесі, ақпарат басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1949 ж. ұшақ апатынан қаза тапты.