АБАҚ КЕРЕЙ ЕРЕЖЕСІ

АБАҚ КЕРЕЙ ЕРЕЖЕСІҚазақтың дәстүрлі заңы хақында — Ресей мемлекетінің қол астына кірмеген, дәстүрлі әдет-ғұрпынан ажырамаған қазақтардың бір бөлігінің ұстанған құқықтық жинағы. Монғолия Ғылым академиясының Тарих ғыл.-зерт. ин-тының қорынан табылған. 1996 ж. тұңғыш ретғыл. айналымға түсіп, “Қазақтың әдет-ғұрып құқығының материалдары” атты жинаққа енді. Құжаттың 2-тармағында керей тайпасының Құлыбек, Ақтай,Құтымжар (Қожамжар), Көкен, Бисенбай, Өсер зәңгі, Тұрым, т.б. билері көпшілік қауымды жинап, мұсылман дінін негізге ала отырып, 12 Абақ керей қазақтары ұстанатын осы заңды жасауға ұй- ғарғанын жазады. Ереже 17- тармақтан, 35-баптан тұрады. Екі бастаудан: қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып нормалары мен шариғат қағидаларынан нәр алатын құқықтық құжатта қызықты, танымдық тың мәліметтер көп. Әсіресе, “Үйлену, некеге отыру жайында” (3-тармақ), “Жарлы-жақыбай, кедейлерге жәрдем ету, қол ұшын беру турасында” (6-тармақ), “Несие, қарыз талап ету жайында” (9-тармақ), “Бөгдені мұқату, жәбірлеу турасында” (8-тармақ) ереже бөліктеріндегі қағидалар көшпелілер қоғамының ішкі табиғатын,әлеум. қарым-қатынастардың ерекшелігін, қоғам мүшелерінің құкық тәртібін реттеу жолдарын айқын аңғартады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *