АБАҚ КЕРЕЙ

АБАҚ КЕРЕЙ — керей тайпасының бір тармағы. Керейдің “Төр шежіресі” керей этнонимін Абақ (Әппақ) деген әйелмен байланыстырып, А.к-ді сол ананың ұрпағы дейді. Абақ үйсін Сармырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп, “Менің ашамайлы Керейім”, — деп ертіп жүреді екен. Абақ соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. Одан Майқы (би Майқы емес), Майқыдан: Ермен — Изен, Жусан туады. А.к-дің қазіргі 12 руы осыдан өрбиді. А. к. 18 ғ-дың соңына қарай өздерінің ата мекендері Қара Ертіс алқабына, Алтайға оралды. Абылайдан бата алып, ел билеген Жәнібек батыр Бердәулетұлының тұсында рулы ел болып қалыптасқан. А. к. — Жастабан, Жәдік, Жәнтекей, Ителі, Көнсадақ, Қарақас, Меркіт, Молқы, Сарбас, Шеруші, Шимойын, Шүбарайғыр деп аталатын 12 ірі, 78 ұсақ аталардан құралады. Әр рудың өз ұран, таңбасы бар. Бас ұрандары — Жәнібек, ортақ таңбасы — абақ.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай, Тарбағатай, Құмыл аймақтарында, Санжы, Бөртала автоном. обл. Гансу, Синхай өлкесіндегі Ақсай, Алтыншоқы автоном. ауд-да, Монғолияда тұратын қазақтардың басым көпшілігі А.к. руынан тараған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *