АБАК (грек, аbакіоn, лат. аbacub — тақта, есептеу тақтасы) — 1) арифмет. есептер шығаруға арналған тақта. Ол жол-жол етіп бөлінген. Есептеу амалдары әрбір жолына қойылған ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектердің орнын ауыстыру арқылы орындалады. Ертедегі гректер, римдіктер, онан кейін бат. еуропалықтар А-ты 18 ғ-ға дейін қолданған. Қиыр Шығыс елде- рінде А-тың қытайша суанпан деп аталған түрі, ал Ресейде бұл мақсат үшін есеп- шот пайдаланылған; 2) номографияда — есептеуге арналған ерекше сызба; 3) архитектурада — бағана, жартылай бағана, пилястр капителінің үстіндегі тақта.