АБАЙ ТІЛІНІҢ СӨЗДІГІ

“АБАЙ ТІЛІНІҢ СӨЗДІГІ” — “Ғылым” баспасынан 1968 ж. жарық көрген ғыл.-зерт. еңбек. Жалпы редакциясын басқарған – А.Ысқақов. Сөздікте ақын шығармаларында қолданылған сөздер мен фразеол. тіркестер әліпби ретімен жүйеленген. Олардың мағыналық реңктері түсіндіріліп, әр сөзге нақты мысалдар келтірілген. Сөздікке кісі есімдерін, жер-су атауларын, ұлт және ру аттарын білдіретін жалқы есімдер де енген. Ақын қолданған қазақ әдеби тіліне сіңе қоймаған араб, парсы, орыс сөздері мен түркі тілдерінен алынған сөздер мен сөз тіркестеріне түсініктеме беріледі. Бұлардың тізімі сөздік соңына қосымша ретінде тіркелген. Сөздік ғыл. қызметкерлерге, әдебиетшілер мен тіл мамандарына, баспасөз бен ағарту саласының қызметкерлеріне, аспиранттар мен студенттерге, көпшілік оқырмандарға арналған. Көлемі 54 б. т., 3 мың 800 дана болып басылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *