АБАЙ АУДАНЫ

АБАЙ АУДАНЫ — Шығыс Қазақстан обл-ның оңт.-батысындағы әкімш. аудан. 1928 ж. құрылған. А. а. 1993 ж-дан ҚР Президентінің жарлығымен Абыралы ауданы болып, ол 1997 ж. таратылды да, бұрынғы атауымен қайта аталды. Жерінің ауд. 20,0 мың км2. Тұрғыны 21,8 мың (1997). Орталығы — Қарауыл а. А. а- ның жері ойлы-қырлы болып келеді. Оңт.-батысын Хан- шыңғыс (1152 м) және Шыңғыстау (1077 м) шығысын Дегелең, Ордатас, батысын Дос, Мыржық таулары алып жатыр. Пайдалы қазбалардан мәрмәр, гранит, қиыршық тас, құм, т.б. өндіріледі. Климаты континентті, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Орташа ауа темп-расы қаңтарда —15,5 °С, шілдеде 20,5°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250 — 350 мм. Аудан аумағынан Шаған, Ащысу, Бөкенші өз-дері ағып өтеді. Суалып қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. Жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. Өсімдіктерден: далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. Жануарлардан: арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қарсақ, борсық, күзен, тиін, саршұнақ, құстардан: дуадақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауданда мал шаруашылығы (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе өсіру) дамыған. А. ш-на пайдаланатын жер көлемі 3271,2 мың га (1997), оның ішінде егістік жері 66,6 мың га, шабындық 61,4 мың га, жайылымы 3141,1 мың га. Картоп, көкөніс бақша өсіріледі. Ауданда жалпы білім беретін мектептер, халық театры, мәдениет үйі, ауруханалар, дәрігерлік пункттер бар. Тұрғындары облыс орталығы — Өскемен қ-мен және көрші аудандармен Қарауыл — Семей, Қарауыл — Жалғызтөбе, Қарауыл — Аягөз, Қарауыл — Баршатас авто- моб. жолдары арқылы қатынасады. Ауданда Абай Құнан- байұлы мен М.О. Әуезовтің мұражайлары, Жидебай қорығы, Сарыкөл, Қоңыр Әулие үңгірлері, Еңлік — Кебек зираты, т.б.тарихи орындар мен туристік маңызы бар көрікті жерлер көп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *