АБАЙТАНУ — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. А. кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, филос., қоғамдық, эстет. көзқа- расы, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, муз. мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде М. Дулатов мақалаларынан басталды деуге болады. Байтұрсынов 1913 ж. “Қазақ” газетінде басылған “Казақтың бас ақыны” атты мақаласында “Онан асқан бұрыңғы- соңғы заманда қазақ бапасында біз білетін ақын болған жоқ” — деп, Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрыкша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайын- даған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. А-дың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 ж. жарық көрген Абай шығармаларының түңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірді- екілі ғана екенін және ақынның өз қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлендердің орны көп толыға қоймаған. Сон- дықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтсақ, бұрын жарық көрмеген бір топ жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған “Абай термесі” атты кітапта жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жария ланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинақка сын пікір ретінде I.Жансүгіров 1923 ж. “Тілші” газетінде “Абай кітабы” атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді.
Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған “Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны” атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада Абайға — қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған. Байтұрсынов ақын өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады. 1914 ж. Мәскеуде жарық көрген “Восточный сборник” атты кітапта Абайдың өмірі мен шығар- малары туралы мағлұмат келтіріліп, бірнеше өлеңінің мазмұны орыс тілінде қара сөзбен берілген.
1914 ж. Санкт-Петербургте шыққан “По киргизской степи” деген кітабында Дм. Львович (Иванов Дмитрий Львович) “Татьянаның хаты” ел ішінде әнге салып айтылып жүргенін ескертеді.
Абай өлендері төңірегінде 20- жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың “Қазақтың бас ақыны” атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді- кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, ЬІ.Мұстамбайұлы және Н.Н. Белослюдов, т.б. ат салысты.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. М.Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. Жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қай- раткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов А-ды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол “Абай жолы” эпопеясымен ұлы ақын, ағар- тушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. 1933 — 57 жылдың аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғыл. басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 ж. “Ғылым” баспасынан жарықкөрген, Әуезовтің бас- шылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының А. ғылымындағы елеулі табыс болғанын атау қажет. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғыл. өмірбаянын жазып шықты.
40 — 60 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстет., филос. көзкарасын, психол. және пед. пікірлерін, ақындық тілін, ком- позиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінен С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М.Сильченко, Қ.Мұхамеджанов, Ы. Дүйсенбаев, Т.Тәжібаев, Б. Ерзакович, X. Сүйіншәлиев секілді ғалымдардың еңбектерін атасақ та жеткілікті.
1970 ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет тілдерде кітап етіп бастыру ісі жандана түсті.
Орыс тілінде Абай шығармалары 1940 жылдан бастап он бес рет жеке кітап болып басылды. 1945 — 1960 жылдардың басында Абай шығарма- лары жеке жинақ болып Ташкентте өзбек тілінде, Қазанда татар тілінде, Ашғабатта түрікмен тілінде, Бішкекте қырғыз тілінде, Улан-Баторда монғол тілінде, Пекинде қытай тілінде, Прагада чех тілінде басылып шықты. 1970 ж. Киевте украин тілінде, Ереванда армян тілінде, Минскіде белорус тілінде, Кишиневте молдаван тілінде, Ригада латын тілінде жарық көрді. 1970 ж. Мәскеуде “Прогресс” баспасында араб, ағылшын тілдерінде шығармаларының жинағы басылды.
Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, моногр-ларды, диссертацияларды түгелдей алғанда А. сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты дей аламыз. Басты мәселелер қатарында алдымен Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындау, лирик. шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл-ақынның дүниетанымын, қоғамдық, филос., эстет. көзқарасын зерттеуді жатқызамыз. Бұларға қоса Абайдың шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен шығармашылық байланысы, ақын шәкірттері, өнерпаздық дәстүрлерінің қазақ әдебиетінде жалғасуы секілді мәселелерге де үнемі назар аударылып келеді. Кейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Міржақып секілді терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Мұны ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқауға болады. Осы мереке тұсында басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер А-дың ғыл.-теор. деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. жарық көрген “Абай” эн- циклопедиясында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген. Абай шығармаларының ғыл. толық жинағы басылып шықты. Р. Сыздықова, Т. Әлімқұлов, А. Нұрқатов, М. Мырзахметов, Ж. ЬІсмағұлов, 3. Ахметов, 3. Қабдолов, Ғ. Есімов, Т. Қожакеев, Ғ. Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері А. ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шетелдерде айрықша мән берілді. Қытайда проф. Қабайдың “Абай және Абай шығармашылығы” атты еңбегі (Пекин, 1987), кейінірек Су Чжоусюннің зерттеу еңбегі мен Абайдың кара сөздерінің аудармасы жарияланды. Чех ғалымы П. Гржебичек Абайдың ақындық жолын арнайы зерттеді. 1995 ж. ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам-қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Түркия қ- ларында, Мәскеуде, Санкт- Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Казанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғыл. конференциялар өткізілді. Абай шығармалары Түркияда, Пәкістанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.
Абайтану тарихы — бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікір — таласы үстінде қалыптасқан А- дың іргелі саласының біріне айналды. А. жөніндегі ой — пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері А. саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал А-дың негізін салушы М.Әуезов болса А. жөніндегі ой- пікірін елуінші жылдар ішінде А-дан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.
А. тарихында хронол., тақырыптық жүйедегі дербес библ. көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген “Абай”, 1965 ж. хронол. жүйе- дегі Мырзахметов, т.б.-дың “Абай Құнанбаев”, 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған “Абайтану”, 1995 жылы “Абай Құнанбаев” деген атпен төрт рет дербес толық библиогр. көрсеткіштер жарияланды. Осыларға негізделе отырып, А-дың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды. 1) Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған. 2) Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918 — 26 жыл мен 1926 — 40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы, негізінен, таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты. 3) Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940 — 45 ж. аралығында жазылған зерттеу ең- бектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің “Абай” романы мен Абай оқу орындарында А- дың арнайы курсы мен арнайы семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің моногр. еңбектері айғақтай түседі.
А-дың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғыл. моногр. зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам А. тарихи ғыл.- зерт. жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. А. бүгінде арнайы курс пен арнайы семинар сабағы ретінде Иасауи атынд. халықар. қазақ-түрік ун-тінде оқытылады.