Қытайлық ұзақ жасаушы, 102 жасқа келген қарт әже бастауыш мектептің бірінші сыныбына барды. Ма Ксиуксианның өмір бойы ешқандай білім алуға мүмкіндігі болмады. 13 жасынан бастап жұмыс істеді, ал 18 жасында тұрмысқа шықты да, кейін бала тәрбиесімен отырып қалды.
Жергілікті газетте өз арманын айтқан қарияның сұхбаты шыққаннан кейін Weishan Road бастауыш мектебі оны бірінші сыныпқа шақырады.
Мектеп құралдарымен және ұлғайтқыш әйнегі (оқу үшін) бар Ма әжейдің сыныптастары әжей келгенде қол шапалақтап, құрметпен сынып табалдырығын ататты.
Жас кезінде білім алудың орнына ол 13 жасынан текстил фабрикасында жұмыс жасады, 18 жасында тұрмыс құрып, өмірінде тоғыз бала тапты. Қазір оның жетеуінде университеттің дипломы бар.
Балалары өздері үшін ата-аналарының қандай құрбандыққа барғанын, мектеп оқып, білім алудың орнына қолы босамай еңбек етіп, өздерін қалай жеткізгенін еске алады.
Бақытты әжейдің қуанышында шек жоқ. Ол бақытты екеніне қуанғанда өз жасынан қырық жылға жасарып кеткендей көрінді. Әжейдің 58 жасар баласы Йи Фенгксин анасының білім алуын толықтай қолдады.
«Мен өз арманымды орындалғанына және білім алу мүмкіндігін алғаныма өте қуаныштымын, осы үшін барлығына рахмет», – дейді Ма әжей.
Айта кетер болсақ, Ма Ксиуксиан білім алуға құштар жалғыз қария емес. Жақында ғана Ганада 99 жасар Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагері Акасис Кофи Боак Йадом үш жыл бұрын өзі түскен Пресвитериан университетін бітірген болатын.
Акасис — өз Отанының патиоты. Ол жас мамандарға өз туған Отаны Гананы тастап кетпеуін және елі үшін маңдай терін төгіп еңбектену керегін айтқан еді.
Сондықтан білім алуға ұмтылу ешқашан кеш емес.