Хайль Гитлер!

1944 жылы 14-қазанда Эрвин Роммель өз үйінің, өз жұмыс кабинетінен генералдық парадты формасын киіп, салтанатты дәрежеде сырбаз кейіпте шығады да.., өзінің 15 жасар ұлы Манфредке үйінің кілтін тапсырып тұрып, бір-ақ ауыз сөз айтады.., «бұдан кейін бұл үйдің қожайыны — сенсің!» деп…

Эрвинді алып кетуге келген гестапо киіміндегі айдауылдар генералға «Хайль Гитлер!» деп тік тұрып, өкшелерін сарт еткізіп сәлем берген. Көп ұзамай, солардың мәшинесінде жолда кетіп бара жатып.., генерал Эрвин Роммель у ішіп өледі…

Генерал сол жылдың 20-шілдесінде Гитлердің көзін жоюға қатысып, сәтсіз талпыныстан кейін, өзін өзі қиып жібермесе.., ұрпағы қалмайтынын жақсы білді.

1945 жылы қанқасап соғыста Манфред Роммель қолға түсіп қалады. Француз жасағының басшысы генерал де Леттр де Тассини оның әкесін жақсы білгендіктен, Манфредті тұттқыннан босатып жібереді. «Барыңыз, жас жігіт! Сіз өз қоғамыңызды бүлдірген адамдардың идеясымен былғанбауыңыз керек! Сіздің алдыңызда өзіңіздің ұлы ұлтыңызды насихаттайтын істер күтіп тұр!» депті, тұтқыннан босатып тұрып…

Тұтқыннан босап шыққан соң, жас Роммель Тюбинген университетінің құқық және политология факультетін жақсыға бітіріп, Баден-Вюртемберг үкіметінде ресми қызметке кірісті. 1974 жылы Штутгарт мэрі болып сайланды. Содан 22 жыл бойы халқына адал қызмет еткен, қоғамдық мәселелерді тез арада шешіп, қарапайым тұрғындардың өмірінің жақсаруына зор үлес қосқан басшының бірі болды.

Оның әкесінің қандай әскери тұлға екенін білетін.., оның өзінің қандай ресми тұлға екенін көздерімен көрген неміс халқы әкелі-балалы Роммельдерді тек мақтан тұтты.

«The New York Times» басылымы оны «Германияның ұлттық батыры болуына әбден лайық тұлға!» деп жазған еді…

Барлық мансаптан бас тартып, өле-өлгенше халқына адал қызмет етіп кеткен Манфред Роммельдің өзіне де, әкесіне де әскери сот ешқандай айып тақпаған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *