1994 жылдың 22-маусымында АҚШ командасына қарсы ойында колумбиялық Андрес Эскобардың басын жұтқан автогол…
Әлем чемпионаты. АҚШ-Колумбия. Есеп — 1:1. Джон Харкстің қақырата тепкен добын қиып түсірем деп, аяғын тосқан Эскобар қателік жасады.., доп заулап барып, өз қақпасында тулап жатты…
Колумбия Америкадан 1:2 есебімен ұтылып, әлем чемпионатынан шығып қалды. Еліне келген соң, мәшинесінде бейқам отырған оны Умберто Муньоса Кастро есімді жігіт тапаншамен атып кетті. 12 оқ. Қарауыл боп қызмет ететін Кастро әр оғын атқанда «Го-о-ол!» деп айғайлаған екен.
Ауруханаға жедел жеткізілгенімен, араға 45 минут салып.., Эскобар көз жұмды. Бұл кезде футболдан әлем чемпионаты енді қызған еді…