Уинстон Черчиль

Бірде Уинстон Черчиль халқына арнап радио арқылы жолдау жасайтын болыпты. Сөйлейтін сөзін пысықтап болған соң, такси шақыртып, радиоға бет алған екен. Радио ғимаратына жеткенде, Черчиль таксистке өтініш жасапты, «Сіз мені жарты сағаттай осы жерде тоса аласыз ба, мен қайтара такси шақыртып жүргім келмей тұр?» деп. Өзінің клиентінің кім екенін танымаған таксист «Жоқ, мырза! Бүгін радиодан Уинстон Черчиль халыққа арнап мәлімдеме жасайды, мен отбасыммен отырып, соны тыңдауым керек!» деп жауап қатқан ғой…

Таксистің мына сөзіне риза боп кеткен Черчиль әуелгі келіскен ақшадан да молырақ соманы ұсынып, бода-бода ақшаны таксистің қолына ұстата салған екен.., сөйтсе, мол ақшаға бір, клиентіне бір қараған такси жүргізушісі «Өй, барсыншы сол, өзінің мәлімдемесімен қоса.., мен сізді күтем, мырза!» дейтін көрінеді…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *