Ұлы Отан соғыс кезінде Астрахан қаласында 28-ші резервтік Армия жасақталған. Майданға аттануға ауыр қару-жарақтарды таситын еш көлік (машина) немесе жылқылар болмаған. Басшылар ойласып бір шешімге келіп, жан-жақтан жабайы түйелерді жинақтай бастайды. Түйені алғаш рет көрген сарбаздар қорқа соғып, мал бағып жүрген жас балаларды алдырып, олар азғантай уақыттың ішінде түйелерді арбаға қалай жегуін көрсеткен. Сталинград қаласы қоршауда қалғанда, 28-ші резервтік Армиясы Ростов қаласына беттеген. Ұзақ жол жүріп, Ростов қаласына жақындағанда, олар немістердің Макштейн танк тобына тап болған.
Ұрыс лезде бітіп, сарбаздар окопта аман қалып, 90 пайыз түйелер қан-жосақ болып қырылып қалған. Түйелердің боздаған дауысын əскерлер окопта естіген, сонда немістер: » Дас ист руссиш танк» — деп: жаралы түйелерді шетінен атып тастаған. Ростовта резервтік Армия қайта құрылып, техникамен, студебеккер машиналарымен жəне жылқылармен толық жабдықталған. Ал, сарбаздар аман қалған түйелерді арбаға жегіп, қару-жарақ, асхана, қазан-ошақ тасытып, шаруашылыққа оларды бейімдеген. Жануарларда əскери өмірге дағдыланып, кенеттен əуеден шабуыл басталса, адамдармен бірге орманға қашып, көзін жұмып шөгеді екен. Аспаз түйенің құлағына бірдеңе деп сыбырласа, тамақ дайын дегендей, ақырып дыбыс шығарады. Сарбаздар асқа жинала бастайды жəне əрқайсысы түйеге бір түйірден қант береді. Мишка мен Машка атты түйелерді оқтан қорғаймыз деп, өздерімен бірге подвалға кіргізіп, сол үшін кіретін есіктерін кеңейткен. 1945 жылдың көктемінде түйелерімен бірге артиллерия армиясы Берлинге жеткен. Астрахан қаласынан майданға 350 түйе аттанған екен. Ал, Яшка деген түйе Қалмақ жерінен, Яшкул деген ауылынан болатын. Сарбаздар Яшканың кеудесіне неміс генералдардың ордендерін тағып тастаған. Яшканың арқасында плакат : «Астрахан-Берлин».
Соғыстан кейін түйелерді Москва қаласындағы хайуанаттар бағына өткізген.