«Таң» журналы

Оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады екен..
«Таң» журналы 1925 жылы наурыздан бастап Семейде шыққан айлық журнал. Бар жоғы 4 саны ғана жарық көрген. Журналда Қазақтың бас ақыны Абайға қатысты құнды жазбалар кездеседі. Сонымен қатар, журналдағы материялдар:
1) жалпы саяси бөлім
2) шаруашылық бөлім
3) білім-тәрбие бөлімі
4) әдебиет бөлімі
5) отантану бөлімі
6) ресми бөлім
Бөлініп, қазақ тұрмысына қатысты құнды деректер мен мәліметтер алуан түрлі тақырыптарда жарияланған еді. Алғашқы саны 700 тиражбен басылған.
Төменде, алғашқы журналдың алғашқы санынан бір мәлімет жаза кетсек…

Асан қайғы жел мая мініп желдіртіп «Сары Арқаны» аралап жүргендегі жерге қойған сындар:
Ертісіт көргенде: «мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, сиырдың мүйізі, кәпірдің құлағы үрпійіп тұрған жер екен. Күнде кәпірден жалайдау» депті. Шыңғыс тауды Семей тауларын көргенде: «мына шікріннің! Топырағы құтырған екен, оған шыққан шөп құтырады. Оны жеген мал құтырады екен. Оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады екен. Қаны үзілмейтін кісі өлтіру, ұрыс төбелес көп болатұғын жер екен! Дейді…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *