«Тау адамы» («Mountain Man») деген атпен танымал Дашратх Манджхи (ағылш. Dashrath Manjhi) 1934 жылы Үндістанның Бихар штаты Гая қаласының маңындағы Гехлор (ағылш. Gehlaur) ауылында.., кедей тапқа жататын мусахар тайпасының жарлы отбасында дүниеге келген.
Қала мен Дашратхтың ауылын Гехлор Ганж деген тау сілемі бөліп тұрғандықтан, медициналық көмек дер кезінде келмей, оның әйелі қиналып жатып көз жұмады. Қайғы жұтқан Дашратх көп ұзамай қолына қашауы мен балғасын алып, «бұдан былай ауыл жұрты азап шекпесін, өзге еркектер әйелдерінен, балалар шешелерінен айырылып қалмасын» деп.., тау қашауға аттанады.
Сөйтіп, 22 жыл бойы бір өзі мехнат шегіп, ұзындығы 110 метрлік, ені 9,1 метр болатын тескентау жолын қашап шыққан.
Дашратх Манджхи 2007 жылы 17-тамызда аты жаман аурудан көз жұмды. Ол соққан тау жолына 2011 жылы тас төселіп, заманауи жол салынды. Соңғы сапарға шығарып салуға штат билігі атсалысып, мемлекет тарапынан үлкен құрмет көрсетілген. Кейін ол туралы кино түсірілді…