Бұл — Сидзо Канакури. 1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиадалық ойында марафон бәйгесіне қатысқан жапондық жеңіл атлет.
Марафон кезінде Сидзо апельсин шырынын ішпек болып, бір жерге отыра қалады да.., қара басып, сол отырғаннан молынан омалып, бір сағаттан аса аялдап қалады. Сосын, бүкіл марафоншылардың қозыкөш жерге ұзап кеткенін сезіп, ұялғанынан, ешкімге ештеңе айтпастан, ың-шыңсыз Швеция астанасын тастап, еліне тартып отырған…
Марафон ұйымдастырушылар Канакуриді із-түзсіз жоғалдыға санап, біраз іздеу салады да, бұл әңгіме сонымен тәмәм болған. Кейінірек, журналистер оны Жапониядан тауып алады да, баяғы марафонын аяқтауын талап етіп, ұятты ісін бетіне басады.
Амал жоқ, шарасыз атлет марафондық формасын қайта киіп, байырғы маршрутпен.., тоқтаған жерінен қайта жүгіруді жалғайды да.., 42 шақырым 195 метр қашықтықты — 54 жыл, 8 ай, 6 күн, 8 сағат, 32 минут, 20,3 секундта жүгіріп өткен спорт тарихындағы жалғыз марафоншы ретінде рекорд жасаған жеңіл атлет боп шыға келеді…