Салық

Бірде ежелгі Римнің отауызды ақыны Вергилий ел аман, жұрт тынышта күңірентіп, шаңырағынан «жаназа» шығартқан көрінеді. Жаназа болғанда да, онысы адамға емес, кәдуілгі қара шыбынға!

Бір таңқаларлығы, ақын өлген шыбынының соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне кәдуілгідей көрқазушыларды, аза тұтушыларды, өзінің жақын-жуық достарын шақырып, зират басында қазанама оқып, соңын қонақасымен аяқтаған екен.

Сол сол-ақ екен, аптасына бірнеше рет ақын үйі «қара жамылып», күнара бір шыбыны кенеттен опат боп.., үйінің маңы кішігірім зиратқа айналып шыға келіпті.

…мәселенің мәнісі.., сол кезде жер салығы тым қымбат боп шығандап кеткен екен де.., тек, зиратты жерлер ғана салықтан босатылған көрінеді…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *