1626 жылы Питер Минюит (Peter Minuit) дейтін голландтық тұрғылықты үндістерден Манхэттенді (қазіргі Инвуд кварталы орналасқан тұтастай аралды) құны сол кездің ақшасымен есептегенде 24 долларға тұратын айна-тарақ, мойыншақ-бижутериге «сатып» алады.
Жат жұрттықтарға тек еркін аралап, аңшылық, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге келісім берген үндістер кейін бұл жерлерден айырылып қалып, заңды иесі екенін дәлелдей алмай қалады…
1664 жылға дейін Манхэттен Голландияның колониясына тиесілі боп, Жаңа Нидерланды деген әкімшілік атпен атала бастады. Кейінірек бұл жерге ағылшындар баса-көктей кіріп, голландтықтардан тартып алынған Жаңа Амстердамды — Жаңа Йорк (Нью-Йорк) деп атады да, Жаңа Голландияға Нью-Йорк Штаты деген жаңа атау берді.
Талай соғысты бастан кешіріп, қолдан қолға ауысып келген Нью-Йорк кейінірек АҚШ өз тәуелсіздігін жариялағаннан соң, Американың тұңғыш астанасы боп бекітілді.
Бүгінгі бағаммен есептегенде Манхэттеннің жер аумағы 49 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр.