Михаил Булгаков Валентин Катаевты аса жақтыра қоймаған дейді. Тіпті, бір жолы ел алдында ауыр-ауыр сөз айтап тастаса керек…
Науқасы дендеген тұста Катаев Булгаковтың жағдайын сұрап, үйіне барған көрінеді. «Мастер мен Маргарита»-ның авторы өзінің қартайғанын, қажығанын, ауыр дерт меңдеп, арғы жаққа бет алғанын айтыпты. Дәрігер ретінде өзінің хәлін жақсы білгеннен соң, әріптесіне мұңын шаққан ғой…
«- Өкінішке орай, достым, мен саған мынадан басқа ештеңе ұсына алмаймын» — деп, Булгаков терезенің сыртында тұрған шөлмектен салқын су әперіп, қос тостағанға тамыза құйыпты. Екеуі тостаған қағыстырып, қара суды ішіп салған.
«- О не дегеніңіз, мэтр?! Сіз әлі ұзақ жасайсыз!» дейді ғой, қаламгердің көңілін аулаған боп, Катаев. Сөйтсе, Булгаков «Мен жуырда өлемін.., және соңғы сапарымның қалай болатынын да айтып кетейін» дейтін көрінеді…
«- Мен пәтерімнің ортасында, табытта жатамын. Мені көтеріп шығарған кезде, тар дәліз, қуықтай басқыштан бұрылар кезде.., төменде тұратын Ромашовтың есігін табытымның оң жақ бұрышы тарс еткізіп соғатын болады…»
… . …
…Булгаковты соңғы сапарға шығарып салғанда, ол жатқан табыт оның астыңғы қабаттағы көршісі драматург Борис Ромашовтың есігіне қатты соғылған дейді…