«Бүгін Симон Дрейден (театр сыншысы) екеуміз сейіл құрдық. Кешкі серуен кезінде ол маған өмірлік мағынасы зор, керемет бір оқиғаны әңгімелеп берді.
Бір интеллигент, сірә, баспанасыз, далада қалса керек, амалсыздан, теміржол қарауылының қуықтай дүңгіршегін паналауға мәжбүр болыпты.
Әлгі қарауыл қара танымайтын сауатсыз, барып тұрған саңылаусыз надан екен. Интеллигент қарап жатпай, оның сауатын ашып, әліпті таяқ деп білетін жағдайға жеткізеді. Бірде, қарауыл өзінің пойыз жолсерігі болғысы келетін басты арманын жайып салады. Ол үшін ондаған жол ережесін жатқа айтып, аз-маз емтихан тапсыруы керек екен.., интеллигент оның тілегінің қабыл болуына да зор күш-жігерін жұмсап, көмектеседі…
Көп ұзамай, қарауыл дүрдей жолсерік боп шыға келеді. Оңтүстікке сапармен барса — апельсин, жеміс-жидек сатып алып, онысын солтүстікке апарып өткізіп, аз уақытта кәдуілгідей байып шыға келген. Ал, интеллигент болса, бұл кезде тұтқындалып, үлкен тергеуге ілінеді де, Сібірге айдалып кете барады. Кейінірек, жазасын өтеп, еліне келген соң, ақталады да.., өзінің «қылмыстық ісімен» таныс болады…
Интеллигентті таң-тамаша қалдырған жағдай.., баяғы өзі жүйкесін тауысып, әріп танытқан қарауыл-жолсеріктің жазу-сызуды үйрене салысымен.., өзі туралы «Сіздерді NN есімді азаматтың шет елдермен байланысы бар екенін ескерткім келеді!» деп тиісті орынға жазған домалақ арызы болған көрінеді…
25-желтоқсан, 1964 жыл.»