Балқаш, Іле жолбарысы — Тұран жолбарысының тобынан. Бүгінде аталмыш жолбарыстың Қазақ даласында тұқымы құрып жоғалған. Кеңес үкіметі Қазақстан аумағына толықтай орнаған соң, 1928-1932 жылдарға арналған «Бірінші бесжылдық» және кәнпескелеу науқаны қазақ малын талан-таражылап, қазақты ашаршылыққа ұрындыруымен қатар кең даладағы аң-құсына да зауал тудырған. Мысалы: Атақты контрреволюционер Лев Давидович Троцкий 1928 жылы Алматыға айдалып келгенде, қауіпсіздік қызметкерлері оған Іле өзені бойына аңшылық құруға рұқсат берген екен. Сталиннің бұйрығымен Мәскеуден қуылған маршал Жетісу жерінде түн қатып жүрген тұран жолбарысын талай рет тамашалаған. Бастан-аяқ қара түсті киім киіп, үлкен ит жетектеп жүретін Троцкий, Алматыда белгілі саяси мәлімдемелерімен қатар, «Балқаш жолбарысына шабуыл жасамау туралы пакт» деген еңбек жазған.
?Жетісу жолбарысы туралы қызықты деректер 1930 жылдардағы мектеп оқулықтарына да енгізілген. Мысалы: 1932 жылы Алматыда басылыған, бастауыштың 3 жылдығына арналған «Бастауыш географиясы мен аймақтану» оқулығының ішіндегі қосымша сүгіреттердің бірі Жетісу жолбарысының аулануы еді…