Жазушылар одағы

1946 жылдары Жазушылар одағының кезекті бір пленумінде Зощенко мен Ахматованы одақтың мүшелігінен шығарып, жерден алып, жерге салып.., кілең алғыр қаламдастар, кілең ішінде итін сақтап, «әп, бәлем сені ме?!» деп жүрген сүлей жазушылар бюролап жатқан ғой.

…сонда поэтесса һәм прозаик Мариэтта Шагинян сөз алып, орнынан тұрыпты да:
— Осы отырған бәрің де бір күндері иттей боп, арам өлесіңдер. Сендерді сол сәтте-ақ ел ұмытып кетеді.., ал, мына екеуін ешкім де, ешқашан да ұмытпайды! Ал енді, мен өзімнің дыбыс күшейткіш құлаққабымды шешіп тастаймын.., мен жайлы не десеңдер — о дей беріңдер! — деген екен…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *