1960-жылдары ГФР (авт. немістер) «Amphicar» атты амфибия-автомобильді сериялы түрде шығара бастайды. Осындай «қосмекенді» көліктің бірін АҚШ-тың 36-президенті Линдон Джонсон арнайы сатып алған екен.
Линдекең қылжақбастау басшы болса керек, үнемі өзінің қонақтарын амфибия-мәшинесіне мінгізіп ап, серуенге алып шығады екен. Сосын, көл жағалап келе жатып, төбенің басынан төмен қарай «А-а, тежегішім ұстамай қалды! Құрыдық, ойбай!» деп бар даусымен айғайлап, құлдилайтын болған.
Бар екпінімен кеп, қара суға күмп еткен көлік еш батпастан, үйректей мамырлап су бетімен жүзе жөнелгенде.., есі шыққан достарының үрейлі жүзіне қарап, Джонсон президент рахаттанып күлетін көрінеді…