Ағылшынның нәзік юморы…

Ағылшынның нәзік юморы…

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер Голландия территориясына қарасты Бреслау қамалы маңында көзалдар етіп жалған әскери аэродром соғады да, алаңқайды ағаш ұшақтармен, ағаш мәшинелермен толтырып қояды. Бір күні бұл жасанды аэродромға ағылшын ұшақтары әуе шабуылын жасап.., әлгі муляж техниканы ағаш «бомбалармен» атқылап кетеді…

Кейінірек, немістер өздерінің бұл жасанды аэродромын «ағылшындар бұл жерді көзалдар аэродром деп ойлайтын шығар, енді шабуылдамас» деген оймен шын техникамен.., нағыз әскери машиналар мен ұшақтарға толтырып тастайды.

Араға екі күн салып, ағылшындар тағы да шабуыл жасайды. Бірақ, бұл жолы шын бомбамен тас-талқан етіп кетеді. Сосын…

…сосын, ұрыс даласынан шығып бара жатқан ағылшынның соңғы ұшағы жерге оралған бір нәрсе тастап кетіпті. Немістер ораманы ашып қараса, онда ағылшынша «Ал енді, бұл басқа мәселе!» деп жазылған сәлемдеме екен…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *