Тағдырда мынау бұралаң,
Артпасын мейлі бағам көп.
Түсінсе болды бiр адам,
Өзіңе қолдау табам деп.
Мұңлы да, мұңлы бақтарға,
Арманға ғашық ай құлап.
Айға да сырды ақтардым,
Ұқпаса мені бәрі ұқпас.
Өзіммен өзім өтемін,
Асықпа жастық, анық бас!
Арманға бір күн жетемін,
Иншаллах! Күлия Иманғажы.