Тəңірі жоқ, тəлім жоқ, адам көрсем қорқамын

Тəңірі жоқ, тəлім жоқ, адам көрсем қорқамын,
Білімі жоқ, зиын жоқ, надан көрсем қорқамын,
Тұлпарға жол бермейтін, шабан көрсем қорқамын,
Ақылғада жарымас, сараң көрсем қорқамын.

Екі сөйлеп езілген, еркектерден қорқамын,
Қара басын ойлаған, көлкектерден қорқамын,
Саясатқа жол тартар, ертектерден қорқамын,
Қазақтығы жоғалған, тентектерден қорқамын.

Қарқ қарқ етіп күлетін, ұрғашыдан қорқамын,
Модаға енген жігіттің, сырғасынан қорқамын,
Ежелгі ата жауымның, сырласынан қорқамын,
Бүгінгінің биі мен, тұлғасынан қорқамын.

Асты үстіңе түсетін, жапалақтан қорқамын,
Арсыз қолдан соғылған, шапалақтан қорқамын,
Өзі тегін жоғалтқан лақап аттан қорқамын,
Жылуы жоқ ешқандай, махаббаттан қорқамын.

Көзі аштыққа үйренген, ересектен қорқамын,
Ұйым болып жасайтын, көп өсектен қорқамын,
Ертең басқа түсетін, көп есептен қорқамын,
Бұлдыр бұлдыр дүние ай, келешектен қорқамын!

Барыс Аухатұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *