Сезінсеңіз ауыл кешін ғаламат

Сезінсеңіз ауыл кешін ғаламат,
Тау сағалап, ой мен қырын аралап.
Ауылымның айдын алқап жеріне,
Жетпейді ғой қаладағы саябақ.

Жайлау кеші балалықтың бастауы,
Қосылса егер кешке қарай бастары.
Асық ойнап асыр салып күресер,
Қайда шіркін ауылымның жастары?

Аспанымнан тұрсада күн төгіп нұр,
Санамды алып баскаша ой келіп бір.
Балалықтың елесі кеп көзіме,
Ауыл жаққа барып қайтқым келіп тұр…

Нұрболат Есейбайұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *