Сары күз!

Сары күз!
Кербез күз керіліп,
Сезімге беріліп,
Тұнжырап мен келем
Тұра тұр мені күт.

Келбетің басқаша,
Арманмен астаса.
Бір үзік жапырақ
Сырыңды растаса.

Қосатын сырға сыр,
Ғажап бір жырға жыр.
Бойыңда жасырған
Жасырын мұң жатыр.

Кетесің тағыда,
Өмірдің бағына.
Түспесе екен дақ
Адалдық арыңа.

Құстарды қайтарған,
Сезім сыр айта алған.
Өзіңмен кеп-кетті
Қанша бақ, қанша арман…

Есейбай Нурболат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *