Мың жылдық сағыныш бар мен де

Мың жылдық сағыныш бар мен де,

Жапырақ секілді шасылған.

Тағдырлар тартысы һәм жерде,

Тексізге сорлыға бас ұрған.

Мың жылдық сағыныш өртеген,

Жанымды суық жел жұлмалап.

Жалындап шығады өрт өлең,

Жүректің жарасын тырналап.

Мың жылдық сағыныш үн қатқан,

Ғасырдың жүзінде ай сынық.

Күн ауып барады біз жақтан,

Жолдардан жалықтым айшылық.

Мың жылдық сағыныш аңсатты,

Күндерім өтуде дүрбелең.

Біреу жүр түсім де салт атты,

Жалғаннан жарық күн іздеген.

Мың жылдық сағыныш ескіріп,

Шуынан жалығып қаланың.

Көшемен ел жүрген кешкілік,

Үйіме аяңдап барамын!

Тілек Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *