Көзімнің алды көгілдір оттар
Жалқын əн…
Еріні кезерген кең іңір.
Етегі көлбең,көл-көсір мейірім,
бал тұман?!
Желкесі жібек, жеңі нұр.
Қара түн мүлгіп жаяды шашын
Мұң – ару
Өліара өңді шың, құздар
Мың ғасыр бұрын жазу боп
сөнген сыңарың…
Кірпікте шықтар, жұлдыздар…
Кеңістік алдың, өрмекші торы ай ізі.
Аяулы шөптер, тай жалы?..
Жиекте жібек жиденің қызғылт қайызы;
Ай ізі сансыз найзалы.
Жып-жылы шығыс, көгілжім ұлпа жабағы,
Үркермен жусап Иек қыр
Жаудырап тұрған аршаның бір тал сабағын,
Қобыздың үні сүйеп тұр…Сұраған Рахметұлы.