Келінге өсиет…

Келінге өсиет…

Жуырда бардым қонаққа,

Келін түскен соң ағама.

Ақ ниет тілеп барып ем,

Ой толып қайтты санама.

Келіні шыт жоқ басында,

Тұз сеуіп кетті жарама.

Құрметі де жоқ ізет жоқ,

Осындай келін бола ма?!

Дедім да сосын ініме,

Келінді шақыр ағаңа.

Өсиет өлең айтайын,

Жаңағы келін балаға

Алла ой берсін санаңа!

Келін боп қарғам келдің бе?!

Шағала сынды ақ балам.

Еліңнен келдің жыраққа,

Жаратқан берсін бақ саған.

Құлағың салып мойын бұр!

Өсиет айтам жас балам!

Етегің ұзын кең жүрсін,

Келіндер жырмыш ашпаған!

Бұрыңғы бабаң ондайды,

Талағын айтып тастаған!

Ақ болып келдің кір болма,

Көкірек керіп аспаған!

Төркінің берген тәртіпті,

Шәйтанға еріп таптаман!

АДАСТЫРАДЫ ЖАТ ЗАМАН…

Үлде мен бүлде ойлама!

Жарыңның сұра саулығын.

Үйіңде болған ұрыстың,

Сырының ашпа сандығын.

Үй болып отау қүрғасын,

Болады кейде қайғы,мұң.

Жүгіріп барып шешеңе,

Ақтарып салма барлығын!

Еріңнің сыйла анасын,

Өтпесін залал қорлығың.

Қартайған шақта сол жанға,

Көрсетпе өмір тарлығын.

Көзіңді қадап тарсылдап,

Қайғыдан берме қанды ірің.

АБАЙЛА ЗАМАН ТОЛҚЫНЫН…

Қайын атаңды құрметте,

Алдынан өтпе кескілеп.

Марқайып қалсын ішінен,

Келінім менің текті деп.

Туысы келсе құшақ жәй,

Қызымет қылып естірек.

Қабағыңды ашып жүр,

Көзіңмен тұрмай тепкілеп.

Бақыттың кілті мінезде,

Мейрімді болса ет жүрек.

Үйіңе қыдыр келмейді,

Қонақ келмесе бақ тілеп.

Осының бәрін құп көрсең,

Маңдайың соқсын бақты кеп.

Осыным саған нақ тілек!

Аллаға құл бол қол жайып,

Қайтейін саған тақ тілеп.

Ойламды болғын жас жібек…

Үміт Адайқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *