Дежавю…

 
Алақаныма қараймын,
өткен күн қайырылып келердей…
Шыным, түсін, ұғын,
мас болдым өмірге өлердей.
Іштім, кәйіп боп, шерлендім,
Не таптым?!
Ап-ащы өмірді
қалай іше бергенмін?
Іштім бәрін,
Не көрдім?!
Ойлашы.
Уақытпен ойнаған бала күндерім —
дана күндерім, қайдасың?!
Іштім,
Қайғы татыған көз жасымды іштім,
бақытымның тәтті сілекейін іштім,
жасыл қанат бітіріп көңілге.
Міне,
әбден салынып кеттім өмірге,
жалығып кеттім,
сендерден
және
ұятсыз сөздерден.
Ештеңе жоқ өзгерген.
Ішуді қойдым.
Болашағымды басымдағы үлкен без көрген…Бауыржан Қарағызұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *