Бәбісектің айдарындай ғажайып,
сұлу өлең жазайық.
Табиғаттың өзі сынды сен қалдың,
табиғилық кеткен кезде азайып.
Етегімді алқам-салқам жел түріп,
ойды іште өлтіріп.
Біз қалдық.
…ақындардың актеры көбейді,
сөйлейтұғын ентігіп.
Көшке ілескен мұрны тесік тайлақтай,
заман көпті ойнатты-ай!?..
Ал екеуміз ғашықтықтан мұң іштік,
бағымыз бар бармақтай.
Е, Тәңірім, осы бақты көп көрме,
сүріндірме өткелде!
Бәбісектің айдарына хат жаздым,
қазбауыр бұлт көшкенде…
Ербол Бейілхан.