Жалаңаш жайлауының бұлағында
Сырғаңның сыңғыры тұр құлағымда
Жанарың жасыны өтіп жүрегіме
Елтіген қайран кез-ай бұла ағынға
Ауылыңды жанап өттім зорға батып
Алыстан ән шырқадым сорғалатып
Кеудеңде қара жорғам ізі қалды
Тайпалтып өткенімде жорғалатып
Өртеніп от боп жанып реңің де
Тың толқын пайда болып жүрегіңде
Далаға бір алып күш еріксізден
Жетектеп шығарғаны тұр өңіңде
Жүрегің жауқазындай жайқалады
Жорғамен қоса жаның тайпалады
Бұлықсып асау сезім алып ұшып
Тулайды көңіл көлің шайқалады…
Берімбай Ысқақұлы