Бағытынан жаңылмай барады ай

Бағытынан жаңылмай барады ай,

Балағына жармасқан қара құмай.

Жүрегімді жылатқан сезімдермен,

Жүз жылдарға татитын дара мұң-ай…

Құша алмаған құмартып арманым-ай,

Құс қанатым қағылып, талған ұдай.

Заңдылыққа бағынбас болмысымды,

Зарықтырған пәнидің жалғанын-ай…

Гүл секілді жанымның жапырағын,

Гүлге бөлеп, күзетіп жатыр арым.

Кірпігімнің найзадай ұшын кей түн,

Кілкіп шыққан жасыма батырамын…

Гүл Зарқұмар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *