Асыл анам, өмір сүру себебім-
Әркез мені періштемдей жебедің.
«Бақыт қайда? «деп сұраса бәзбіреу
«Ол-анамның құшағында» дер едім.
Жан анашым, бақытымсыз, шаттығым,
Өзіңді ойлап таңым атып, батты күн.
Сағынғанда құлағыма естілер
«Құлыным-ау» деген әсем тәтті үнің.
Асылымсыз жер бетінде теңі жоқ,
Алаңдайсыз өзгелерден мені көп.
Ауырсам да, қиналсам да әрдайым
Сіз тұрасыз сырқатымның емі боп.
Сенім артам сізге ғана шүбәсіз,
Бой тұмардай мені қорғап тұрасыз.
Бүкпей айтсам жүректегі шынымды
Ел айтатын жәннат деген сірә СІЗ!
Төлеуіш Қуанған.