Өзіңнен бастау

Ішімдікке әуестігі бар адамның бір баласы да ішімдік ішіп түрмеге түседі. Екінші баласы болса үлкен компанияның бас директоры. Бұл жағдай журналисттердің назарына ілігіп, әкелерінен сұхбат алмақшы болады. Сұхбат барысында әкелері екі ұлына да бірдей қарағанын, бірдей “тәрбие” бергенін айтады. Журналистер алдыменен түрмеде жатқан баласының қасына барып, не себептен осындай жағдайға түскенін сұрайды. Жауабы айдан анық: “Ішімдікке тәуелді әкемді көрдіңіздер ғой, бұдан басқа не жасай алар ем?” Бір қызығы журналистер бас директор болған ұлына да тура осы сұрақты қойып еді, оның жауабы да “Ішімдікке тәуелді әкемді көрдіңіздер ғой, бұдан басқа не жасай алар ем?” болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *