Әкесі мен ұлы

Азамат жаңадан алған автокөлігімен бір шаруасын тындырып келмек болып сыртқа шықты. Бір кезде көлік тұрған жақтан тарс еткен ащы дауыс естілді. «Не болып қалды» деп қараса, 3 жасар баласы қолына темір алып көліктің алдын соққылап, майыстырып қойыпты. Ашуға ерік берген азамат әлгі темірмен баласының қолынан ұра бастайды… Бір кезде баласының қолынан қан атқылағанда ғана есін жинайды. Қан тоқтамағандықтан, ауруханаға апаруға мәжбүр болады. Дәрігерлер баланың саусақтарының қатты жарақат алғанын көріп, аман алып қалудың шарасын жасағанымен, ештеңе істей алмайды. Амалсыз саусақтарын кесуге тура келеді. Бала ауыр операциядан кейін есін жинағанда қолына аппақ мата оралғанын көреді. Әкесіне жаутаңдап қарап:

– Әке, көлігіңізді бүлдіргенім үшін кешіріңізші, енді олай істемеймін, – деді де, – Саусақтарым қайта шыға ма? – деп жыламсырап сұрады. Мұны естіген әкесі өзін ұстай алмай жылап жіберді де сыртқа шығып кетеді. Ол өз қатесін түсініп, ақыры шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсайды…

Жақсы көретін адамға қарсы сабырыңыз таусылса, ашуға берілмей тұрып, жақсылап ойланыңыз. Көліктер жөнделер, бірақ, саусақтар мен жаралы жүректер жазылмайды. Адамдар қателеседі. Бірақ ашу мен ызаға булығып істеген іс адамды өмірінің соңына дейін қинауы мүмкін. Ойланып әрекет етейік. Сабырлы болайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *