Ғажайып оқиға

8 жасар Салли кішкене ауырып ауруханаға жатқызылған інісі Жорж үшін қатты уайымдайтын. Ата-ана қолдарынан келгеннің бәрін жасап, Жоржды тек қана қымбат операция құтқара алатынын түсінеді. Алайда осындай қымбат операцияға ақшалары жоқ еді. Салли әкесінің анасына үмітсіз дауыспен былай дегенін естіп қалады: “Оны тек қана бір ғаламат құтқара алады”.

Осыны естіген Салли тыныш қана өзінің бөлмесіне барып, копилкаға жинаған ақшаларын шығарып санайды. Қателесіп қалмау үшін тиындарын бір емес екі рет санап шығады. Бәрін қалтаға салып үйден шығады да, тіке үйдің жаңындағы дәріханаға барады. Дәрігердің көңілін өзіне аудару үшін сабырмен күтеді. Дәрігер бір кісіге дәріні қалай қолдану керектігін түсіндіріп жатты. 8 жастағы бір баламен айналысатын уақыты жоқ екені белгілі еді. Саллидың жалықпай күтіп тұрғанын көріп “Иә, балақай, не алайын деп едің? Айта бер”, – деді. “Тездет, мына кісімен сөйлесіп тұрғанымды көріп тұрсың ғой”, – деп, қасындағы күшті киінген бір кісіге көрсетеді. Салли “Інім қатты ауырып қалды, бір ғаламат алғым келеді”, – дейді. Дәрігер Саллиге қарап “Түсінбедім”, – дегенде, “Не ғой, әкем, ‘оған тек қана бір ғаламат көмектесе алады’ деген еді. Бір ғаламат қанша тұрады?” Дәрігер бұл жолы Саллиге жаны ашып қамқорлықпен қарады: “Өте өкінішті, қызым, бірақ біз мына жақта ғаламат сатпаймыз, саған көмектесе алмаймын”, – деді. Салли мақсатынан тез қайтатын емес-ті. Дәрігердің көздерінің ішіне қарап “Оны сатып алатын ақшам да бар. Тек қана бағасын айтсаңыз болды”, – деді. Дәрігер мен Саллидің осы сұхбатын тыңдап тұрған адам, Саллиге бұрылып “Інің үшін қандай ғаламат керек, қызым? ” – деп сұрайды. “Білмеймін”, – деді Салли. Сосын көздерінен тамшылап аққан көз жасына қарамай: “Тек білгенім – інім ауруханада және анам операция жасалмаса, ол аман шыға алмайтынын айтқан және олардың ондай операцияға ақшасы жоқ екен. Бірақ әкем ‘Оны тек қана бір ғаламат құтқара алады’ дегенің естіп дереу мына жаққа келдім.”

“Қанша ақшаң бар?” – деп сұрады адам.

“Бір доллар мен он бір цент”, – деді Салли.

“Бар жинаған ақшам осы!”

“Бұл өте жақсы, өйткені ініңді құтқаруға керек болған ғаламатқа бұл ақшаң тура жетіп тұр”, – деді жаңағы кісі. Адам бір қолымен ақшаны алды да, басқа қолымен Саллидың қолын ұстап: “Кішкентай інің мен ата-анаңмен танысқым келеді”, – дейді. Салли тұрған үйге апаруын сұрайды. Жақсы киінген адам Карлтон Армстронг есімді дәрігер еді. Жорж үшін қажет операцияны жасай алатын атақты хирург. Операция сәтті өтті. Отбасы бұл операция үшін ешқандай төлем жасамады. Сол күні үйлеріне қайтып бара жатқанда, барлық нәрсенің қандай сәтті болғанына әлі де сене алмай қуанышы ішіне симай тұрған анасы: “Әлі де сене алмай тұрмын. Бұл операция бір ғаламат! Кім біледі қандай қымбат болғанын” , – деді. Салли күлімдеді. Бұл ғаламаттың қанша тұратынын ол жақсы біледі. Тура бір доллар мен он бір цент!…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *