Сананың кедейлігі

Қаланың ең бай, тұрмыс жағдайы өте жақсы бір адамы ұлын жақын жердегі бір ауылға апарады. Бұл сапардың мақсаты – адамдардың қаншалықты кедей бола алатынын көрсету. Осылайша ауылдың өте кедей бір үйінде бір күн мен бір түн өткізеді. Қалаға қайтарда әкесі баласынан сұрайды: “Адамдардың қаншалықты кедей бола алатынын көрдің бе?” “Иә!” “Жақсы. Не көргеніңді айта ғой”. “Көргенім былай: біздің үйде бір итіміз бар, олардың болса – төрт. Біздің үй ауласында үлкен бассейініміз бар, олардың болса шегі жоқ өзеңдері бар. Біздің бақшамызда үлкен шамдар бар, олардың болса жұлдыздары бар. Біздің үйден тек қана көрші ағаның үйіне дейінгі жер көрінеді, олардың болса ұзын көкжиектері бар.”

Баласын тыңдаған әкесі айтар сөз таппай қалады. Ұлы әкесіне қарап: “Рақмет әке, қаншалықты кедей екенімізді көріп түсіндім!”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *