Бір адам Насреддин қожаға бір хат әкеліп, оқып беруін сұрайды. Насреддин хатты ашып қараса, хат толығымен арабша жазылған екен. Насреддин хатты оқи алмай, адамға қайтарып береді. – Хатыңды басқа біреуге көрсет, мен оқи алмадым, – дейді қожа. – Қалайша!? Сіз сауатты адам құсап тақия киіп тұрсыз, бірақ арабша оқи алмайсыз… Насреддин тақиясын шешіп адамның қолына ұстатады да: – Ондай болса тақияны киіп, хатты өзің оқы!