Діни сенім және атеист

Дінге сенбейтін сабын өндірушісі бір күні иманды кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді: – Сендердің сенімдеріңнің расында бір пайдасы болса, адамдарға расында да тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой?

Иманды кісі адамның бетіне бір мүддет қарап: – Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түк керегі жоқ. Өйткені олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен лас қалмас еді? – деді.

Сабын шығарушысы дереу қарсы шығып: – Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм неде? – дейді. – Адамдар діннің насихаттағанын орындамаса, діннің кінәсі неде? Егер діннің заңдылық пен керектерін шын орындаған болғандарыңда, күллі дүние баяғыда жақсылық пен тәртіпке толар еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *