Бір бала…

Егер бір бала мінегіш болса, адам сынауды, кінә тағуды үйренеді.

Егер бір бала басылып кемсітілсе, қысылып ұялуды үйренеді.

Егер бір бала дүрдараздық ортада өссе, бұзақылық шығаруды үйренеді.

Егер бір бала үнемі ұялтылған болса, үнемі өз-өзін кінәлі сезінетін болады.

Егер бір бала ақ пейілділік ішінде өссе, сабырлы болуды үйренеді.

Егер бір бала қолдау көріп өссе, өзіне сенімді болуды үйренеді.

Егер бір бала дәріптелсе, алғыс білдіруді үйренеді.

Егер бала пікіріне құрмет көрсетілгенін көрсе, әділетті болуды үйренеді.

Егер бір бала сенімділік ортасында өссе, сенімі бар болып өседі.

Егер бір бала қолдау көріп, жасағанына оң баға алып өссе, өз өзін сүйіп өседі.

Егер бір бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе, өмірде бақытты болуды үйренеді

Қысқасы, біз қандай болсақ, балаларымыз сондай болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *