Атасы мен немересі

Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқанын аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып: «Балам, мына істеп жатқаның не?» – деп сұрайды.
– Бұл -итаяқ! дейді бала.
– Оны не істейсің?
– Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін, – депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *