Біреудің сауабы

Бір бай кісі көзі тірісінде жасалыну керек ғибадаттарды жасамай, мен жасамасам да артымнан балаларым жасаған ізгі амалдардың сауабы маған жетеді деп жүреді. Сол кісі бір күні түс көреді. Түсінде тас қараңғы бір жолда келе жатыр екен. Балалары да артынан шам көтеріп жүр екен. Шам балалардың қолында болғаны үшін, әлгі кісінің жолына жарық толық түспей тұрады. Алдын дұрыстап көре алмай қалғаннан шаршаған әлгі біреу балаларына: – Түүй, мына бір шамды алға қарай ұстасаңшы. Сендердікіндей менің де жолым жарық болсын, – дейді. Баласының жауабы қысқа әрі нұсқа болды: – Әке, артыңыздағы шам сәулесі тек осыншалықты ғана жарық бере алады. Сол түсінен кейін есін жинаған кісі, өзінен кейін біреудің жасаған жақсылығына үміт артудан бас тартып, ғибадат пен жақсылықтарды өзі жасауға тырысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *